Петропавлдық полицейлер көлікті мас күйінде көлік айдап кеткен адамды тоқтату үшін «Ұстау» жоспарын енгізді
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қ. полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Volkswagen» автокөлігін құқыққа сыйымсыз иеленіп алған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.
5 ақпан күні сағат 09:30-дар шамасында Петропавл қаласының тұрғыны белгісіз адам оның «Volkswagen Amarok 2h» автокөлігін айдап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, көлік бір сағат бұрын автокөлікті жууға қалдырылған. Зардап шегушінің айтуынша, шығын 12 миллион теңгені құраған. Полицейлер «Ұстау» жоспарын енгізіп, ұрланған автокөлікті іздеуге автопатрульдер мен бейнебақылау операторлары бағыттады. Көп ұзамай «Volkswagen» автокөлігі Жамбыл көшесінде тоқтатылды.
"Көлік құралын заңсыз иемденді деген күдік бойынша рөлде болған 28 жастағы көлік жуу сервисінің жұмысшысы ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол мас күйінде болған, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екенін көрсетті, сондықтан ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының талаптарына сәйкес, 20 тәулік қамауға алынады", - деп хабарлайды Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев.
Әкімшілік жазаны өтегеннен кейін ер адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бабтың 1 бөлігінің санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіштен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]