Алматыда халықаралық автомобиль жүк тасымалы мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес екінші рет өтіп жатыр

Алматыда халықаралық автомобиль жүк тасымалы мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес екінші рет өтіп жатыр

Халықтың пікірін барынша ескеріп, шешімдерді қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау мәселелері бойынша отандық көлік-логистикалық бизнес өкілдерімен екінші рет кездесу ұйымдастырды. Іс-шара Алматыда Логистика және көлік академиясының ғимаратында өтіп жатыр.

«Алғашқы кездесу барысында айтылған сұрақтар мен ұсыныстар егжей-тегжейлі талданып, жұмыс барысында ескерілді. Күн тәртібінде Қазақстанда еркін бәсекелестікті, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуды шектейтін, бланкілердің жасанды тапшылығын жасауға және оларды көлеңкелі нарықта қайта сатуға мүмкіндік беретін рұқсат бланкілерін бөлу мәселесін көтеріп отырмыз. Барлық тараптың ой-пікірлері ескерілуі үшін біз Мемлекеттік кірістер комитеті мен Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерін де бүгінгі іс-шарамызға шақырдық», – деді ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әли.

Естеріңізге сала кетейік, күнтізбелік жылдың басында ұйымдастырылған кездесу барысында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті қазақстандық көлік-логистикалық компаниялардың өкілдерімен ашық кеңесте талқылау үшін халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушыларға шет мемлекеттерге кіруге мүмкіндік беретін рұқсат бланкілерін бөлу жүйесін реформалау жобасын ұсынған болатын. Аталған құжатта мемлекеттік орган рұқсат бланкілерін бөлу жүйесіндегі кейбір тұстарды түзетіп, өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті автокөлік құралдарының тасымалдау тарихы мен белсенділігі бойынша шектеулерді алып тастауға, нақты тапсырыс болған жағдайда кез келген отандық тасымалдаушыға бланкілерді беруге, көлеңкелі нарықта бланкілерді қайта сату үшін барлық алғышартты жоюға, бланкілерді беру туралы шешімдер қабылдау процестеріне көліктік бақылау инспекциясын кірістірмеуге, сондай-ақ қашықтан бақылауды енгізуге бастамашылық жасады. Жалпы, негізгі өзгерістер бланкілердің жасанды тапшылығы және оларды көлеңкелі нарықта заңсыз қайта сатуға ықпалдасатын жағдайларды жоюға бағытталып отыр.

Көлік бизнесі өкілдерімен кездесу барысында халықаралық жүк тасымалының басқа да проблемалық мәселелері талқыланатын болады. Жалпы жиынға қатысушыларға өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын ашық айтуға мүмкіндік беріліп отыр.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.