Құрылыс кодексінің жобасы жөнінде

Құрылыс кодексінің жобасы жөнінде

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР Құрылыс кодексінің жобасын сапасыз әзірлеу туралы «Атамекен» ҰКП-ның жариялаған баспасөз релизі шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Министрлік Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеу кезінде адамның жайлы және қауіпсіз ортасы мен тыныс-тіршілігін қалыптастыруға, елді мекендерді орнықты дамытуға, оның ішінде құрылыс сапасын қамтамасыз етуге басымдық берді, ал бизнестің негізгі басымдығы пайда алу және мемлекеттік реттеуді барынша азайту болып табылады.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді, оның ішінде құрылыс саласындағы шет мемлекеттердің заңнамаларына шашыраңқы нормативтік құқықтық актілерді кодификациялаудың оң тәжірибесін қабылдау тұрғысынан талдау жүргізілді.

Түбегейлі жаңа, креативті және заманауи шешімдердің болмауына қатысты

Құрылыс кодексінің жобасында мынадай жаңашылдықтар көзделген: мамандарды сертификаттауды енгізе отырып, бірыңғай цифрлық тізілім құру, берілген барлық рұқсаттарға тексеру жүргізу, құрылысты бақылаудың «жедел ден қою шарасы» жаңа нысаны, сеніп тапсырылған аумақта құрылыс салу бойынша шешім қабылдайтын тұлғаларға жауапкершілік белгілеу, аумақтарды жоспарлау және салу кезінде қоғамдық бақылау, ақпараттық модельдеу, сейсмикалық аймақтардағы құрылыс ерекшеліктері, жоспарлы инспекциялау тетігін енгізу және объектілерді пайдалануға қабылдауға мемлекеттің қатысуы, кепілдік мерзімін ұлғайту және т. б.

Аталған барлық жаңа тәсілдер адам өмірі мен тіршілік әрекетінің толыққанды ортасын қалыптастыруға және елді мекендердің тұрақты дамуына бағытталған.

Демек, Құрылыс кодексінің жобасы уақыт талаптары мен саланың қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Жеке сараптаманы толық жоюға қатысты 

2015 жылдан бастап бәсекелестік ортаға сараптама жұмыстарының 80%-ы берілді, мемлекеттік сараптама ұйымы сараптаманың тек 20% – жүргізеді (2015 жылы – 20%, 2016 жылы - 38%, 2017 жылы – 65%, 2018 жылы – 73%, 2019 жылы -76%, 2020 жылы - 2022 ж. - 80%, 2023 ж. - 86%). Мемлекеттік сараптама ұйымының құзыретіне 14% кіреді - бұл бірегей жобалар және стратегиялық маңызы мен техникалық күрделілігі бар, адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіре отырып, техногендік және экологиялық апаттардың туындау қаупін қамтитын жобалар.

Мүмкіндігінше қысқа мерзімде сараптама жасау және жобалық құжаттаманы сапасыз талдау ғимараттардың құлауы мен апаттар қаупінің туындауына әкеп соғады.

Жоғарыда айтылғандарды және әлемдегі соңғы техногендік оқиғаларды ескере отырып, ҚР Үкіметі ғимараттардың құлау қаупін болдырмау мақсатында сараптамалық қызметтің мемлекеттік монополиясына, адам өміріне және оның қауіпсіздігіне байланысты құрылыс жобаларын бекіту туралы шешім қабылдады.

Құрылыс кодексінің жобасына сараптама саласындағы мемлекеттік монополияға қатысты ұсынылып отырған редакция ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің Басшылығы тапсырмаларына, 2023 жылы жүргізілген жоғары аудиторлық Палатаның аудитіне сәйкес ұсынылды.

Мемлекет бәсекелестік нарықта тауарларды өткізу мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекіту жолымен конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызмет салаларындағы бәсекелестікті шектеуге құқылы.

Құрылыс жобаларына сараптама бәсекелестік ортаға берілген сәттен бастап жеке сараптама ұйымдары елеулі бұзушылықтарға жол береді.

Баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен (2019 жылғы 26 маусымдағы № 19-1823-1 Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың қарары) «47 қадамды» орындау аяқталды.

Осыған байланысты, Құрылыс кодексінің қабылдануына қарай құрылыс жобаларына сараптама көлемі қайта қаралып, тиісті нормативтік құқықтық заңға тәуелді актімен бекітілетін болады.

Салалық қауымдастықтарды, сарапшыларды, ғылыми қоғамдастық пен бизнесті тартпауға қатысты

Заң жобасын әзірлеу шеңберінде бизнес-қауымдастықтардың, жоғары және орта оқу орындарының ірі өкілдерімен, оның ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында 40-тан астам кездесу өткізілді. Бұдан басқа, 2023 жылғы мамыр-маусым айларында республиканың барлық өңірлерінде көшпелі кездесулер ұйымдастырылды, онда Құрылыс кодексін әзірлеу кезінде ескерілген проблемалық мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. 2023 жылғы ақпан-қазан аралығында Астана және Алматы қалаларында Құрылыс кодексінің негізгі ережелеріне арналған халықаралық конференциялар мен қазақстандық құрылыс саласының форумы өткізілді.

2023 жылғы сәуір айының соңында Құрылыс кодексінің бірінші жобасы Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылды. Тамыз айының соңында мүдделі тараптардың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, құрылыс кодексінің пысықталған жобасы дайындалып, талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Келісу рәсімі барысында мүдделі мемлекеттік органдардың барлық негізделген ұсыныстары мен ескертулері ескерілді.

«Атамекен» ҰҚП құрылыс кодексінің жобасына 108 позициядан тұратын салыстырмалы кесте түрінде ұсыныстар мен ескертулерін 2023 жылғы 20 қыркүйектегі есебіне қоса жіберді, оның ішінде: 34 ұсыныс қабылданды, 20 ұсыныс ішінара қабылданды; 54 - қабылданбады.

Айта кетерлігі, кейбір позициялар ешқандай тұжырымдамалық жаңа өзгерістер мен толықтыруларды қамтымайды, тек редакциялық сипаттағы түзетулерді ұсынады.

Сондай-ақ, Құрылыс кодексінің жобасын қоғамдық талқылау барысында бизнес-қоғамдастық субъектілерінің өзінен ұсыныстар мен ескертулер қаралды, оның ішінде:

- Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық (ЕӨҚ) 24 ұсыныс пен ескерту берді, оның 19-ы қабылданды;

- Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы 6 ұсыныс пен ескерту берді, оның 4-і қабылданды;

- Сараптама ұйымының палатасы 35 ұсыныс пен ескерту ұсынды, оның 16-сы қабылданды;

- Қазақстан құрылысшылар одағы 8 ұсыныс пен ескерту берді, оның 5-і қабылданды;

- Қазақстандағы техникалық қадағалау қызметтерінің қауымдастығы 9 ұсыныс пен ескерту берді, оның 6-ы қабылданды;

- Қазақстандық құрылыс саласы қауымдастығы 20 ұсыныс пен ескерту берді, оның 18-і қабылданды.

Құрылыс кодексінің жобасы зкономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықтық сараптамадан, оның ішінде Палатаның сараптамасынан өтті. Палата сараптамасының қорытындысын алған сәттен бастап Кодекстің жобасы мемлекеттік органдар ұсынған ескертулерді ескере отырып өзгертілді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.