Астанада алғаш рет «Магистраль Awards» ұлттық премиясы өтті
Конкурстың қорытындысы бүгін Астана қаласында көлік қоғамдастығы көшбасшылары мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен сыйлық лауреаттарын марапаттау салтанаты барысында шығарылды
Алқалы жиынға қатысушыларды бейне байланыс арқылы Көлік министрі Марат Қарабаев құттықтап, аталған шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Салтанатты шараға сондай-ақ Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев, «Н.К.Исингариннің көлік бастамалары қорының» президенті Жанна Исингарина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Жиын барысында сонымен бірге көлік министрінің атынан бір топ азаматқа Алғыс хаттар табысталды.
Көлік кешенінің еңбек сіңірген мамандары мен қоғам қайраткерлерінен тұратын сараптамалық кеңес желтоқсан айының басында 60-тан астам өтінімді қарастырған болатын.
Қатысушылар «Сәтті бастама», «Жылдың үздік жобасы», «Сенімді халықаралық серіктес», «Сандық логистика көшбасшысы», «Көлік саласындағы серпіліс», «Көлік бизнесін сындарлы қорғағаны үшін», «Қоғамдық диалог орнатудағы шеберлігі үшін», «Қазақстанның көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалар», «Қазақстанның көлік ғылымын дамыту», «Тиімді көлік шешімдерін құру», «Салалық дәстүрлерге деген адалдық», «Көліктегі үздік медиа бастама» және ұйымдастырушылардың қалауы бойынша арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда,
- «Сенімді халықаралық серіктес» номинациясы бойынша «Сине Мидас Строй» ЖШС және «ОТЛК ЕРА» АҚ
- «Жылдың үздік жобасы» «БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС
- «Сәтті бастама» KLV İNŞAAT ANONİM ŞİRKETI АҚ филиалы
- «Авиамаршруттар желісін кеңейту бойынша атқарылған жұмыс үшін» Азаматтық авиация Комитеті
- «Халықаралық көлік дәліздерін дамытқаны үшін» «Бакинский международный морской торговый порт» жабық акционерлік қоғамы
- «Қазақстанның көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалар» «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының адам ресурстарын басқару департаменті
- «Қоғамдық диалог орнатудағы шеберлігі үшін «KAZLOGISTICS» бас директоры Ерлан Абсатов
- «Автожол саласының көшбасшысы» «АБК Автодор-НС» ЖШС
- «Халық таңдауы» NEFTEK Operating ЖШС
- «Жобаның қоғамдық маңызы үшін» Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының қызметкерлері Оңдабек Рабат, Динара Ағабекова
- «Көліктік басқару шеберлігі» PTC Holding ЖШС
- «Көлік саласындағы үздік медиа бастама» MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS"
- «Көлік саласындағы серпіліс» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының логистика және тасымалдау комитеті
- «Көлік саласындағы тиімді шешімдердің генерациясы» ҚТЖ ҰК Магистральдық желі дирекциясының жылжымалы құрам және механикаландыру департаменті
- «Қазақстанда көлік ғылымын дамытқаны үшін» Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты
- «Үздік көлік қоры» “ҚазжолҒЗИ” АҚ
- «Транспорт Профи» "Жол ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС
- «Салалық дәстүрлерге адалдығы үшін» "Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" ҚБ
- «Көлік саласында білім беру үрдісіне қосқан ерекше үлесі үшін» Логистика және көлік академиясы.
Вагондар (контейнерлер) тасымалдаушылары мен операторларының қазақстандық қауымдастығы да арнайы номинация бойынша аталып өтті.
Аталған шара саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, салада орын алған проблемаларға назар аудару, көлік және логистика саласындағы жетістіктерді көтермелеу әрі Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының геостратегиялық маңыздылығы мен транзиттік мүмкіндіктерінің өсуі жағдайында экономиканың жүйе құраушы саласы ретінде көлік кешенінің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Айта кетерлігі, Көлік және логистика саласындағы «Магистраль Awards» І ұлттық премиясы ҚР Көлік министрлігінің, «Н.К.Исингариннің көлік бастамалары қоры» ҚҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Kazlogistics Қазақстан көлікшілер одағының және ҚР корпоративтік коммуникациялар қауымдастығының қолдауымен өткізілді.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]