Мердігерлер бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасай алмайды – ҚР Көлік министрлігі

Мердігерлер бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасай алмайды – ҚР Көлік министрлігі

 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының учаскелерін реконструкциялау мәселелері жөнінде өткен кеңесте шетелдік және отандық жол құрылысшылары өз жұмысын нәтижелі атқара алмаған мердігерлер бұдан былай Қазақстанның жаңа жол жобаларына қатыса алмайтыны туралы ескертілді

Өңірлер бойынша кезекті жұмыс сапары барысында Көлік министрі Марат Қарабаев Жезқазғаннан Қызылордаға республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту учаскелерін қарау үшін автокөлікпен жүріп өтті. Қызылорда облысында China Civil Engineering Construction Corporation мердігерлік ұйымының базасында ведомство басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және 5 құрылыс компаниясының қатысуымен үлкен кеңес өткізді.

Ұзындығы 208 км «Қызылорда-Жезқазған» трассасын реконструкциялау жобасын ЕҚДБ қаржыландырады және жолды III техникалық санаттан II техникалық санатқа ауыстыруды көздейді. Қазіргі уақытта жаңа асфальтбетон жабыны бойынша 85 км қозғалыс ашылып, жұмыстарды 2024-2025 жылдары толық аяқтау жоспарланған.

«Қызылорда-Жезқазған» жобасы 6 учаскеден құралған. 2021 жылдың соңында 67 шақырымнан 216 км-ге дейінгі төрт учаске бойынша келісімшарттарға қол қойылған. Мердігерлер компания аталған учаскелерді 2024 жылы тапсыруы керек. 1 және 2-учаскелер бойынша конкурс берілген өтінімдердің ЖСҚ сомасынан асып кетуіне байланысты қайта өткізілді. Нәтижесінде «Қызылорда қаласын айналып өту құрылысы» №1 учаскесі басқа қаржыландыру көзі арқылы іске асыру үшін ЕҚДБ келісімі бойынша жобадан алынып тасталды. №2 учаске бойынша келісімшартқа 2023 жылдың мамыр айында қол қойылған, алайда мердігер ұйымдар тарапынан жоба құнын ұлғайту қажеттілігі туралы мәселе көтерілуде.

Осыған байланысты құрылысшылармен әңгімелесу барысында Қазақстандағы жол жобаларын қаржыландырудың аталған мәселелері мен жаңа тәсілдеріне басты назар аударылды. Атап айтқанда, Марат Қарабаев мердігерлерге бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауларына жол берілмейтінін қатаң ескертті.

«Кейбір компаниялар жұмыс басталған алғашқы жылы жұмыстарды әдейі кешіктіріп, үшінші-төртінші жылы қымбаттау мәселесін алға тартады. Осындай тәжірибеге тап болып отырмыз. Бұл ретте «ең басында келесілген сомадан артық ештеңе берілмейді» деп бірден айтамын. Бұрын-соңды басқа учаскелерде, атап айтқанда «Қарағанды – Балқаш» және «Талдықорған – Өскемен» учаскелерінде жұмыс істеген әріптестеріңіздің тәжірибесіне қараңыздар. Бұл баршаға сабақ болып, енді қайталанбайды. Бұдан былай жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауларыңызға жол берілмейді. Қолыңыздан келмесе, келісімшартты бұзып, жұмысты сол жерден тоқтатыңыз. Бұл барлық мердігер мен жол жобаларына қатысты айтылып отыр», - деді министр.

Ол сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі өз тарапынан жобалар құнының қымбаттауынан өзге басқа барлық мәселе бойынша жол құрылысшыларына әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Марат Қарабаев мемлекеттік орган теріс тәжірибесі бар компаниялар Қазақстанның жаңа жол жобаларына қатыса алмайтындай етіп заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашы болғанын айтты.

«Қара тізім» бұрын да болған, алайда қазір аталған норманы пайдалану аясын одан әрі кеңейткіміз келеді. Сондықтан елімізге алғаш рет кіріп жатқан компаниялар бірден өздеріне «Қазақстанға ұзақ уақыт жұмыс істеуге келдік пе әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап берулері керек. Өйткені алдағы 6 жылда 8 мың шақырымға жуық жолда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деп ескертті министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы мердігер ұйымдарға жобаларға толыққанды дайындықпен кірісу қажет екенін еске салды.

«Барлық қажетті техниканы өздеріңізбен бірге алып келіп, ұзақ мерзімге ең жақсы қызметкерлерді жалдаңыз. Егер мердігер жобаға кірісіп, алайда техниканы сатып алу үшін бізден аванс күтіп отырса, біз қоштасуға мәжбүр боламыз. Мұндай тәжірибе біз үшін таңсық емес», - деді көлік саласына жауапты министр.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.