Моңғолиядан келген делегация елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды
Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету тәжірибесін басқа елдермен үнемі бөлісіп отырады. Осылайша, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Астана қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында оларға «Азаматтарға арналған үкіметтің» құжаттандыру терминалы және дайын құжаттарды беруге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін постаматы сияқты инновациялық жобалары ұсынылды. Өз кезегінде Делегация өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығында цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Сонымен қатар, қонақтарға тұрғындардың цифрлық кеңсесін аймақтарға бөлу туралы егжей-тегжейлі айтылып, клиенттердің Connection Point аймағында қызметтерге өз бетінше тапсырыс бере алатындығы көрсетілді. Қонақтар мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлылығына және келушілер үшін қолайлы жағдай жасалғандығына назар аударды.
Сондай-ақ, Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Мемлекеттік корпорацияның ахуалдық орталығының жұмысымен де танысты. Мұнда ХҚКО-лардың барлық бизнес-процестеріне, оператор жұмысына, келушілердің күту уақытына және басқа жұмыс барасы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Айта кетер болсақ, шет мемлекеттер өкілдерінің сапарлары тәжірибе мен озық тәжірибе алмасуды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Олар сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтарды әлеуметтік қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]