Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалармен жұмыс істейді
Вице-министр Әбілхайыр Тамабек Түркияға сапары аясында сол елдің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Эбубекир Гизлигидермен кездесті.
Кездесудегі басты мақсат Қазақстанға инвестициялар тарту, сондай-ақ қос ел арасындағы ауыл шаруашылығы, атап айтқанда тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық дамыту.
Осы сапарында Әбілхайыр Тамабек өнеркәсіпшілер мен тұқым өндірушілер бірлестігінің (TSUAB), Түркияның TÜRKTOB тұқым өсірушілер қауымдастығының және ECOSA экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұқым шаруашылығы қауымдастығының өкілдерімен де жолықты. Вице-министр олармен тұқым шаруашылығы бойынша алдағы уақытта іске асатын бірлескен жобаларды, тұқымның жаңа сорттарын өсіруді талқылады.
Кездесуде Эбубекир Гизлигидер Анталияда 2023 жылдың 22-25 қарашасы аралығында GROWTECH жылыжайларының, ауылшаруашылық технологияларының және мал шаруашылығына арналған жабдықтардың 22-ші халықаралық көрмесі өтетінін айтты. Ол Қазақстанның атынан Әбілхайыр Тамабекті осы жәрмеңкеге қатысуға шақырды.
[xfvalue_img]