76 мыңнан астам маңғыстаулықтар 105 миллионға мүлік салығын төлемеген
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2022 жылға жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі аяқталғанын хабарлайды.
Меншік құқығында жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзге де құрылыстары бар жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы және коммуналдық қызметтердің түбіртектері бойынша берешекті өтеу туралы хабарламалардың бірнеше рет жіберілгеніне қарамастан, 76914 жеке тұлға жалпы сомасы 105175 мың теңгеге салық төлемеген.
15 қарашадан кейін шаралар қабылдау үшін борышкерлер бойынша материалдар сот орындаушыларына, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуды шектеу үшін жіберілетін болады. Сонымен қатар, сот орындаушылары қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұстайтын болады.
Сондай-ақ, мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептелінеді.
Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін берешекті ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін өтеу қажет.
Берешек сомасын сайттағы "алдағы төлемдер" сервисінен тексеруге болады "kgd.gov.kz","e-Salyq Azamat " мобильді қосымшасы, сондай – ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығында.
[xfvalue_img]