Отандық ғалымдар мен АҚШ-тың жол-көлік саласы мамандары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді

Отандық ғалымдар мен АҚШ-тың жол-көлік саласы мамандары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді

Жол нормативтерін енгізудің америкалық тәжірибесін елімізде қолдану мәселесі қаралатын болады.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары америкалық нормативтік базамен танысу және жол құрылысы саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, олар Пенсильвания штатындағы American Society for Testing and Materials (Америкалық сынақтар және материалдар қоғамы) Халықаралық ұйымының штаб-пәтерінде болды.

Жұмыс сапары барысында ҚазжолҒЗИ вице-президенті Ерік Әмірбаев, ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова, автомобиль жолдары және көпір құрылыстары басқармасының басшысы Қайсар Шалқар ASTM International директоры Джим Ольшевскиймен, сондай-ақ компанияның жол саласы бойынша сарапшыларымен кездесті.

Атап айтқанда, ASTM International материалдарға, өнімдер мен жүйелерге, сонымен бірге қызметтерге арналған ерікті стандарттарды әзірлеумен және шығарумен айналысады. Америкалық компанияда қазақстандықтар әлемнің 60 елінде нормативтік базалардың негізі ретінде алынған АҚШ-тың 5 мыңнан астам жол саласындағы стандарттарымен танысты.

«Америкалық жол стандарттары 5 жылда бір рет тексеріліп, қайта шығарылады. Бүгінгі таңда материалдардың, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге және нарыққа шығуына ықпал етуге арналған 12 мыңға жуық ASTM стандарттары бүкіл әлемде қолданылады. Олардың практикалық нұсқауларын өнеркәсіп пен көптеген елдің үкіметтері пайдаланады. ASTM-нің бай тәжірибесі ҚазжолҒЗИ жүргізіп жатқан Қазақстанның жол саласының нормативтік базасын реформалау бойынша жұмыстары барысында пайдалы болуы мүмкін», деп атап өтті Әсел Нұғманова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2029 жылға дейін жолдардың сапасын арттыруды тапсырған болатын. Ол үшін басқа да міндеттермен қатар Үкімет жол саласының қолданыстағы нормативтік базасын сәйкестендіруі тиіс.

Осы ретте ҚР Көлік министрлігі салалық нормативтік құжаттарды өзектендіру мен реформалауды Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына тапсырды. Институт тәуелсіз жол сарапшыларының қатысуымен техникалық кеңестің отырыстарын өткізді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда 400-ден астам ГОСТ, 200-ге жуық стандарттар және 300-ге жуық ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттар қайта қаралды. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.