ҚР Көлік вице-министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық көлік форумына қатысты

ҚР Көлік вице-министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық көлік форумына қатысты

Форумға қатысу аясында Талғат Ластаев «ШЫҰ кеңістігінде көлік-логистикалық саланы дамытудағы елдердің әлеуеті» тақырыбында өткен негізгі панельдік сессияда сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Т.Ластаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының маңызды тарихи, экономикалық және мәдени маңыздылығын, сондай-ақ Еуразиялық транзиттік дәліздерді құру мен пайдаланудағы ұйымға мүшелік ететін елдердің зор көлік-логистикалық әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ министрдің орынбасары өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстанның қол жеткізген нәтижелері туралы, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасында бекітілген перспективалық қадамдар туралы айтып берді. Бұл ретте баяндамада Транскаспий халықаралық көлік бағдары жобасына ерекше назар аударылды.

«Көлік саласының уақыт өте келе мультимодальды бола түсуіне орай әрі еуразиялық көлік желілерін жақсарту және одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болған кезде Шығыс-Батыс мультимодальды көлік байланысы алдағы уақытта маңызды рөл атқаруы мүмкін. Біздің өңір Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстыратын негізгі аймақ, сондай-ақ Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» және Еуропаның Global Gateway бастамалары үшін маңызды болып табылады», деп атап өтті Талғат Ластаев.

Көлік вице-министрі Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тауарлардың еуропалық нарықтарға және Орталық Азияға Қытайдың Цзянсу провинциясы, Ляньюньган теңіз портындағы терминал арқылы транзитін ұлғайту бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін пысықтап жатқанын айтты.

 Баяндаманың соңында Талғат Ластаев ШЫҰ халықаралық көлік форумының өңірдегі сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен көлік ынтымақтастығын дамыту барысында маңызды шара екенін атап өтті.

Көлік форумы аясында бірқатар халықаралық құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, қазақстандық делегация басшысы Талғат Ластаев «Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан» халықаралық көлік дәлізін құру және дамыту туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

Айта кетерлігі, бұл күндері Ташкент қаласында авиация саласындағы Aviation&Logistics Forum 2023 форумы және Translogistica Uzbekistan 2023 көрмесі қатар ұйымдастырылған. Ал ертең Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының көлік министрлерінің 12-ші кездесуі өтеді.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.