Мемлекеттік қызмет департаменті құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарын қалпына келтірді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі бас жоспарға сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасай отырып, көппәтерлі тұрғын үй салуға рұқсаттың әрекетін тоқтату мәселесі бойынша құрылыс компаниясы жүгінді.
Осылайша, Көкшетау қаласының әкімдігі компанияға рұқсат берілгенше дейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысынан көппәтерлі үй салуға өзгерту туралы шешім шығарды. Өтініш беруші өзіне жүктелген шарттық міндеттемелерді адал орындай отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бюджетке 6 миллион теңгеден астам сомада төлем енгізген.
Аталған жағдайға дейін қала әкімдігі серіктестіктің жер учаскесінде көппәтерлі тұрғын үй салуды көздейтін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекітті.
Көптеген шығындар мен құрылыс құжаттарын рәсімдеудің ұзақ рәсімдерін өткеннен кейін компания мемлекеттік органның рұқсатты тоқтату туралы шешімін заңсыз деп санап, Департаментке шағым түсірді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік актінің күшін жою үшін нақты негіздер көзделген.
Алайда, Департамент жүргізген тексеру барысында мемлекеттік орган бұл жағдайда осындай негіздердің бар екендігін дәлелдей алмады.
Сонымен қатар, бас жоспарға қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жергілікті атқарушы органның кінәсінен қабылданды, бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің сенім құқығын қорғау қағидатына сәйкес құрылыс салушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмеуі тиіс.
Шағымды қарау нәтижесінде Департаменттің нұсқамасы негізінде бөлім құрылыс компаниясының сәулет-жоспарлау тапсырмасын қалпына келтірді.
[xfvalue_img]