Банкрот жеке тұлғаның портреті жасалды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылғы статистикаға сүйене отырып, банкрот-жеке тұлғаның портретін ұсынады.
Бүгінгі күні ел бойынша 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 58% ер және 42% әйел азаматтар.
Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста.
Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар.
[xfvalue_img]