Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу ұзартылатын болады
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге қолданыстағы тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр.
Тыйым салу жылыту маусымынан өту кезеңінде халық үшін көмір тапшылығын болдырмау мақсатында ұзартылады.
Тыйым осы жылдың 26 қарашадан бастап алты ай мерзімге ұзартылады.
Атап айтқанда:
- тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
- лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).
Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралды және қолдау тапты.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]