Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылығы техникасына бөлшектерді бірлесіп өндіруді ұйымдастыруға ниетті
2023 жылдың 11 қазанында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ильяс Оспанов бастаған ауылшаруашылық техникасын өндірушілер делегациясы Германияның Швандорф қаласындағы HORSCH тіркеме және аспа машиналарын өндіру зауытына барды.
Қазақстандық тараптан «Востокмашзавод» АҚ, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ және «KamlitKZ» ЖШС сияқты отандық зауыттар қатысты.
Сапар барысында делегация ауыл шаруашылығы техникасын құрастырудың өндірістік үдерісімен және HORSCH-тің одан әрі даму стратегиясымен танысты. Вице-министр ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерін бірлесіп өндіруді және оларды Қазақстанда оқшаулауды ұйымдастыруды ұсынды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Оқшаулау деңгейін тұрақты арттыру бойынша» тапсырмасына сәйкес Қазақстан аумағында оқшаулау бойынша стратегиялық сессия өткізілді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]