Астанада еліміздегі авиация саласының болашағы талқыланды
Астанада Көлік министрлігі мен KAZLOGISTICS Қазақстанның көлік одағы ұйымдастырған New Silk Way VI Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында «Жүк және жолаушылар авиатасымалдарын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтті
Аталған тақырыпты талқылауға Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, отандық және шетелдік авиакомпаниялар, әуежайлар мен логистикалық компаниялардың басшылары, сондай-ақ шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Алқалы жиын барысында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, ACI EUROPE халықаралық әуежайлар кеңесінің бас директоры Оливье Янковец, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов, Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой, IATA Еуропадағы жүк тасымалдау жөніндегі өңірлік менеджері Хуан Фернандес, Terminals holding group бас директоры Ахмед әл-Хадаби, Air Astana әуе компаниясының сату жөніндегі директоры Жанна Шаяхметова және Asiana Airlines әуе компаниясының өкілі Всеволод Ким баяндама жасады.
Сессия барысында отынмен қамтамасыз ету, отандық әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту, Қазақстанда транзиттік мультимодальды хабты қалыптастыру, көлік жүйелерін интеграциялау, маршруттық желіні дамыту, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Естеріңізге сала кетейік, New Silk Way бизнес-форумы Астанада қазақстандық көлік апталығы шеңберінде өтіп жатыр. Іс-шара Translogistica Kazakhstan 2023 XXVI халықаралық көрмесімен бір уақытта өтіп жатыр. Осылайша 4-6 қазан аралығында елорда төрінде ұйымдастырылған көрмеде Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Иран, Италия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Эстония, Польша, Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және басқа елдерден 226 компания өз стендтерін ұсынып отыр.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]