Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі
Министр М.Қарабаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Коммерция вице-министрі Лин Цзимен кездесу өткізді
М.Қарабаев қытайлық әріптесіне еліміздегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап берді. Өз сөзінде министрлік басшысы Қазақстанда автомобиль жолдарының құрылысына қытайлық компаниялардың қатысып жатқандарын атап өтіп, осы ретте аталған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.
Жалпы жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша әлеуетін толық ашу үшін 4 мың шақырым жол салу және реконструкциялау арқылы жұмыс істеп тұрған дәліздерді толық жаңғырту жоспарланып отырғаны айтылды.
Кездесу барысында сонымен қатар Қытайдың ірі қаржы институттарын тарта отырып, қазақстандық жобаларды қаржыландыру мәселесі де талқыланды. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша әлеуеті зор екенін атап өтіп, бірлескен жобаларды одан әрі жалғастыруға ниетті екендерін растады.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]