Нөсер жаңбыр: Айдарбек Сапаров фермерлер қандай қолдау алатынын жеткізді

Нөсер жаңбыр: Айдарбек Сапаров фермерлер қандай қолдау алатынын жеткізді

Бүгінгі күнге 6,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдарды немесе негізгі жоспардың 40%-ын қазақстандық фермерлер жинады. Орташа өнімділігі          9,5 ц/га деп есептегенде 6,6 млн тонна астық орылды. Егін жинау науқанының соңғы көрсеткіштері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Министрлік басшысы биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 24 млн гектар болғанын, оның 17,3 млн гектары дәнді дақылдар екенін еске салды.

Министр егін жинау уақытында басталғанмен негізгі астық егетін аймақтарда жаңбыр ұзақ жауды. Бұл астық сапасының нашарлауына, оның өнуіне, ылғалдың жоғары болуына және рефакцияға әкелді.

Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, солтүстік облыстардың фермерлері қолдау көрсетуді сұрады. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша салдардың ауқымын анықтау үшін жұмыс комиссиялары құрылды. Астық 2,7 млн га (15%) өсіп, өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 2,7 ц/га төмендегені белгілі болды.

Айдарбек Сапаров нөсер жаңбырдың салдарын азайту шаралары туралы хабарлады. Атап айтқанда, Энергетика министрлігімен бірлесіп астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Бұл ретте баға литріне 250 теңгеден аспайды. 18 қыркүйектен бастап ақпараттық жүйеде өтінімдерді қабылдау басталды.

Айта кетейік, облыстардың кептіруге арналған дизель отынына деген жалпы қажеттілігі 73 мың тоннаны құрайды, оның 19 мың тоннасын сатылмаған отынның қолда бар резерві есебінен жабу жоспарлануда.

Сонымен қатар, барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдауға дайындығы қайта тексеріліп, олардың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды. Әкімдіктер астық кептіру бойынша көрсетілетін  қызметтер бағасының дұрыс болу мәселесін бақылауға алды, тарифтердің негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады, деді министр.

Айдарбек Сапаров сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі мен «Қазагроқаржы» филиалдары фермерлердің стационарлық және жылжымалы астық кептіргіштерді лизингке алуға өтінімдерін жеделдетілген режимде қарауды бастайтынын хабарлады. Қажет болған жағдайда облысқа қаржыландыру лимиттері ұлғайтылатын болады.

Жиналған өнім сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр. Азық-түлік корпорациясы тұқым қорын қалыптастыру мақсатында қолда бар астық қорларының тұқым ретінде пайдалану үшін жарамдылығына сараптама жүргізуді бастады. Тұқымның өнгіштігі, тазалығы және басқа да параметрлерге сәйкес келетін астық бөлек жиналады. Облыстардың өтінімдері бойынша мұндай астық егін егу науқаны кезінде фермерлерге тауарлық несие ретінде берілетін болады, деді АШМ басшысы. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы астықты жеткізу мерзімін биыл 1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұзартады.

«Бәйтерек» холдингінің қаржы институттарында және Азық-түлік корпорациясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін айыппұл санкцияларынсыз кредит мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Бұл фермердің несие тарихының бұзылмауына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының фермерлеріне келтірілген залалды өтеуге қаражат бөлу рәсімдері аяқталып жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, вегетациялық кезеңде аймақ құрғақшылықтан зардап шекті.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астық бойынша күтілетін көлем елді нанмен, ұнмен және макаронмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады, деді министр. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі күнбағыс, картоп, көкөністер, күріш және басқа да әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша сақталады.

Бұл ретте өнімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует те төмендейді, алайда экспортқа жоспарланған астық көлемі Қазақстанның дәстүрлі экспорттық нарығындағы позицияны ұстап тұру үшін жеткілікті.

Министр мал өсірумен айналысатын фермерлерге де тоқталды. Оның айтуынша, биыл тиісті бағамен жемдік астық жеткілікті болады. Өңірлердің жем-шөп дайындау жоспары орындалуда. Тапшылық болған жағдайда өңірлер басқа өңірлерден тасу арқылы мал азығымен қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы, биыл егін жинау науқанына барлық техника дайындалды. Егін жинау жұмыстарына 404 мыңнан астам трактор, комбайн және орақ іске қосылды. 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, оның 58 мың тоннасы жем дайындауға бағытталды. Республикада элеваторлардың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды, бұл астық сақтау үшін жеткілікті.

«Мемлекет Басшысы үкіметке астық өндірумен айналысатын фермерлік және шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Біз биыл қолайсыз ауа райынан болатын шығындарды азайтуға көмектесетін қолдау шараларын әзірледік. Министрлік егін жинау барысын тұрақты бақылауда ұстайды, мәселелер туындаған жағдайда олар жедел шешілетін болады», - деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.