Әкімдік жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартқан
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне кәсіпкер Басқұдық ауылдық округі әкімдігінің жердің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тарту мәселесімен жүгінді.
Кәсіпкер аталған жерден азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлаған. Алайда, ауылдық округ әкімдігі жердің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бірнеше рет бас тартқан. Сондай-ақ, бас тартудың дәлелді себебін ұсынбаған.
Департамент ұсынымына сәйкес әкімдік жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі барлық рәсімдерді сақтағаннан кейін «Коммерциялық мақсатта пайдалану үшін нысаналы мақсатын өзгерту және жер учаскесінің бір бөлігін сату туралы» шешім шығарылды. Әкімдіктің аталған шешімі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да тіркелген.
[xfvalue_img]
23 пікір