Министр Марат Қарабаев іссапармен Әзірбайжанға барды

Министр Марат Қарабаев іссапармен Әзірбайжанға барды

Аталған сапарда ҚР ИИДМ басшысы бауырлас мемлекеттің көлік инфрақұрылымы жүйесімен танысып, Азербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрімен кездесті

Бұл орайда Марат Қарабаев Қап тауы өңіріне құрамында ТХКБ халықаралық қауымдастығының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Ақтау және Құрық теңіз порттарының, республиканың ірі өнеркәсіп, өндіруші және көлік-логистикалық компанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны бастап барғанын айта кетейік.

Елімізден барған жұмыс тобы Баку халықаралық сауда портына, кеме жасау зауытына, Апшерон логистикалық орталығына, Говсан портына мен Баш-Алят стансасына аялдады. Сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бакудегі теміржол вокзалына барып, швейцариялық Stadler компаниясы өндіретін жолаушылар вагондарын бағамдап шықты.

Сондай-ақ М.Қарабаев Әзірбайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиевпен кездесті. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.

ҚР ИИДМ басшысы екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен бірге ол транзиттік әлеуетті кеңейту Каспидің маңындағы мемлекеттердің достық байланысын нығайтудағы басым міндеттердің бірі екенін жеткізді.

Келіссөздер барысында ведомство басшысы әзербайжандық әріптесіне Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жаңартылған Жол картасының жобасымен таныстырды. Аталған құжатқа ТХКБ қатысушы мемлекеттері қол қояды деп көзделген.

«Құжат маусым айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжанның Үкімет басшыларының тапсырмасы аясында әзірленді. Онда Еуропа – Орталық Азия көлік байланысы туралы ЕҚДБ-ның сараптамалық есебінде көрсетілген тасымалдарды кешенді дамыту  ұсыныстар ескерілді», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Кездесудің соңында М.Қарабаев түбі бір бауырлас елдердің өзара тиімді ынтымақтастығы нығая түсетініне сенім білдіріп, әріптесін Астанада өтетін 26-шы TransLogistica Kazakhstan-2023 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.