Дақылдарды сақтандыру құрғақшылықтан болатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді
Биыл қазақстандық фермерлер топырақ ылғалдылығының тапшылығын индекстік сақтандыру бойынша 111 шарт жасасты. Жалпы алғанда, Қазақстанның 8 өңірінде құрғақшылық қаупінен 236 мың гектар жер сақтандырылған. Сыйлықақы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрады, оның 1,2 млрд теңгесі субсидияланды.
АӨК-ті сақтандыру операторы Аграрлық несие корпорациясы болып табылады. Фермерлер www.kezekte.kz сайттындағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде шарттар жасай алады. Шарт жасасудан бастап, сақтандыру төлемдеріне дейінгі барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін жүйе спутниктік деректерге сүйене отырып, автоматты түрде тіркейді. Бұл төлем механизмінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.
Ылғал тапшылығы тәуекелдерінің индекстік сақтандыруы үш фазалы сақтандыруды қамтиды. Бірінші кезең - 15 мамырдан 14 маусымға дейін, екіншісі - 15 маусымнан 14 шілдеге дейін және үшінші - 15 шілдеден 14 тамызға дейін қамтиды. Фермер өз егістігін қандай кезеңдер бойынша сақтандыратынын өз бетінше таңдайды. Фазаға байланысты сақтандыру полисінің мөлшері және одан кейінгі төлемдер анықталады. Сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көзделген. Осылайша, фермерлер үшін сақтандыру полисі 80% арзандайды.
Дәнді дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, жүгері, қарақұмық, тары, дәнді құмай, тритикале, жаздық қара бидай), бұршақ дақылдарын (бұршақ, жасымық, ноқат) және майлы дақылдарды (күнбағыс, рапс, зығыр, соя, көктемгі зімбір, мақсары, қыша) сақтандыруға болады.
Сақтандыру Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының фермерлері үшін қолжетімді.
Айта кетейік, 2020-2022 жылдар аралығында осы бағыт бойынша сақтандыру төлемдері 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйлықақысы 1,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде аграршылар 709,8 млн теңгені, тағы 709,8 млн теңге мемлекеттік субсидиялар есебінен төледі.
Осылайша, субсидиялауды ескере отырып, құрғақшылықтан сақтандыру тетігі отандық фермерлер үшін айтарлықтай қолдауға айналды, бұл шығындар үшін өтемақы алуға ғана емес, сонымен қатар өз шаруашылықтарының жұмысын сақтауға көмектесіп отыр.
Сонымен қатар, сақтандыру нарығы жайылымдық биомасса тапшылығы индексіне негізделген жайылымдық сақтандыру өнімін ұсынады. Сондай-ақ, өнім бойынша 80% көлемінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау көзделген.
Біржылдық және көпжылдық шөптері бар жайылымдарды сақтандыруға болады. Сақтандыру 1 мамырдан 30 тамызға дейінгі кезеңді қамтиды. Сақтандыру тарифі 3,2% құрайды.
Алқаптарды бақылау өсімдіктердегі судың салыстырмалы мөлшерін тіркейтін және биомасса тапшылығы индексінің көрсеткіштерін қамтамасыз ететін Жерді қашықтықтан зондтау көмегімен жүзеге асырылады.
[xfvalue_img]
7 пікір