Динара Щеглова Румынияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Кездесу барысында көлік саласында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мадалина Лупумен кездесіп, тараптар өзара әріптестікті дамыту жолдарын қарастырды.
Айталық, Еуропамен көлік бағытында байланысты жақсарту мақсатында Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту мәселесі қаузалды.
Вице-министр ТХКБ-ның логистикалық қызметті жүзеге асыратын румыниялық компаниялар үшін де маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде М.Лупу осындай кездесудің ұйымдастырылғанына ризашылығын жеткізіп, екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы ынтымақтастығы өзара тиімді байланыстығ кепілі болып саналатынын айтты.
Кездесу соңында екі жақ алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды да бірлесіп іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
44 пікір