АШМ басшысы ФАО-ның Бас директорымен кездесу өткізді
Римге жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.
Айта кетейік, Қазақстан 1997 жылдан бері ФАО-ның мүшесі болып табылады. 2015 жылы Астанада ФАО-ның байланыс және серіктестік Бюросы ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жобалар портфелі 24 іске асырылған, 15 ағымдағы, 7 перспективалық және қол қою сатысындағы 4 жобаны қамтиды.
АШМ басшысы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне жеке тоқталды. Ол Қазақстанда 2025 жылға дейін ФАО-ның елдік негіздемелік бағдарламасының қабылданғаны туралы айтты. Қазіргі уақытта Қазақстан-ФАО әріптестік бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ оны табысты іске асыру үшін бірлескен басқарушы комитет құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуэып жатыр.
Тұқым шаруашылығы және жердің деградациясына қарсы күрес саласындағы жобалар серіктестік бағдарламасымен іске асырылған алғашқы жобалар болады деп күтіліп отыр.
Министр Қазақстанның ФАО-ға кадрлық өкілдігі мәселесін де қозғады. Қазіргі уақытта 2-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша төрт қазақстандық «P4», «Р5» санатындағы лауазымдарды атқарады, бұл ретте «D» санатындағы лауазымдарда Қазақстан қазіргі уақытта қандай да бір түрде ұсынылмаған. Ербол Қарашөкеев Цюй Дунъюйдің назарын осы санаттағы бос лауазымдарға орналасуға конкурстардан өту кезінде Қазақстанның кандидатураларында аударды. АШМ басшысының айтуынша, елімізде отандық және шетелдік озық білімі, тәжірибелік кәсіби дағдылары бар, ФАО қабырғасында еңбек жолын бастауға дайын қазақстандықтардың жас буыны жетілген.
Кездесу соңында Ербол Қарашөкеев ФАО-ның Бас директорын ресми сапармен Қазақстанға келуге шақырды. Министрдің пікірінше, бұл жемісті екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі серпін береді.
[xfvalue_img]
22 пікір