Шығыс Қазақстандық кәсіпкерлер «E-license» порталында мемлекеттік қызметтерді ала алмаған
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына Шемонаиха ауданы Первомайс кентінің кәсіпкерлері ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) анықтамалығында аталған елді мекеннің болмауына байланысты «E-license» порталында мемлекеттік қызметтерді ала алмайтындықтары туралы өтінішпен жүгінді. Кәсіпкерлер бұл мәселе туралы бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалына және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүгінген болатын, алайда мәселе өз шешімін таппаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатсы ШҚО статистика және мемлекеттік кірістер департаменттерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының қатысуымен кеңес өткізді. Мәселені шешу бойынша ұсыныстар енгізілді. Қорытындысы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аталған кентті ӘАОЖ анықтамалығына енгізді. Бүгінгі күні кәсіпкерлер өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуда.
[xfvalue_img]
17 пікір