Жылдың басынан СҚО-ның 35 тұрғынына алаяқтар несие рәсімдеген

Жылдың басынан СҚО-ның 35 тұрғынына алаяқтар несие рәсімдеген

Полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін құпия деректерін құпия ұстау керектігін үнемі еске салады. Сәуір айында Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны микроқаржы ұйымдарынан несиелер бойынша берешекті өтеу керектігі туралы хабарлама ала бастады. Анықталғандай белгісіз тұлға оның атынан 100 мың теңгеден екі қарыз ресімдеген екен. Бойжеткен қыз бірден полицияға арызбен жүгінді. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-бөлігі "алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Жедел уәкілдермен наурыз айының басында  жәбірленуші ұялы телефонын құрбысына уақытша пайдалануға бергендігін анықтады. Сондай-ақ жәбірленушінің телефонында құрбысының жеке куәлігінің фотосуреті сақталып, Google есептік жазбасына кіру мүмкіндігі ашық екендігі білгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен құрбысының 26 жастағы күйеуі Петропавл тұрғыны анықталды. Жәбірленуші келтірілген залалды толығымен өтеді.

«Тағы да адамдарға өздерінің құпия деректеріне, құрылғылардың құпия сөздеріне, банк карталарына кіру кодтарына, соның ішінде sms арқылы келетін бір реттік кодтарға, сондай-ақ банк карталарының артқы жағындағы cvv кодтарына ешкімге бермеуді сұраймыз. Бұл деректерді интернет алаяқтар пайдалана алады. Жыл басынан бері облыста барлығы 342 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 35-і басқа тұлғаға несие ресімдеу арқылы. Барлық жағдайда дерлік күдіктілер мобильді құрылғыларға және жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізе алды," - дейдң Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/zhyl-basynan-beri-sqo-nyng-35-turghynynyng-atyna-alayaqtar-nesie-rasimdegen/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.