Ақтауда жазғы лагерь қатысушылары сыбайлас жемқорлық тақырыбында сурет салды
Ақтауда «Ақжелкен» жазғы лагерь қатысушыларының арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында сурет конкурсы өтті.
Сурет конкурсын ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Конкурсқа 7-12 жас аралығындағы он бес бала қатысты.
«Әр туынды мектеп оқушыларының ой-қиылынан шыққан. Кез - келген суретке қарап жемқорлық адам баласын жақсылыққа апармайтынын айтпай-ақ түсінуге болады. Балалар адалдық, жақсылық туралы өз ойларын ұтымды жеткізген,» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Конкурс соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
[xfvalue_img]
36 пікір