СҚОда әкімдік кәсіпкерге жерді қайта тіркеуге кедергі келтірген
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі кәсіпкерге әкімдіктің фермер қожалығының басшысын ауыстыруға қатысты қаулысына өзгерістер енгізуден бас тартып, барлық үлескерлер жиналысының келісімі туралы қолтаңбасы бар хаттамасын талап етті.
Фермер шаруашылықтың заңды қызметіне кедергі келтірген, әуре-сарсаң салдарларынан субсидиялардан және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларынан айырылып қалмау үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне көмекке жүгінді.
ҚР Жер кодексінің 54-бабына сәйкес, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың алдағы жиналысы туралы хабарлама оның өткiзiлетiн күнiнен бiр айдан кешiктiрiлмей жазбаша түрде қолхат алу арқылы жүргiзiлетіні көзделген. Тиiсiнше хабарланған жағдайда үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50%-i қатысқан кезде жиналыстың құқықтық күшi бар деп саналады.
Мүдделі тараптармен Департамент ұйымдастырған диалогтық кездесудің нәтижесі бойынша Қызылжар ауданы әкімінің қаулысы шығарылды, өйткені бизнесмен жер заңнамасының талаптарын, оның ішінде фермер қожалығы мүшелерін уақтылы хабардар етуді және олардың жиналысқа келуін сақтағаны анықталды.
[xfvalue_img]
26 пікір