Марат ҚАРАБАЕВ: Орал - Қазақстанның батысындағы көп ғасырлық тарихы бар өлке

Марат ҚАРАБАЕВ: Орал - Қазақстанның батысындағы көп ғасырлық тарихы бар өлке

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Еліміздің батыс аймағына жасалған жұмыс сапары аясында ведомство басшысы ең алдымен облыстың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жоспарымен танысты. Министрге Орал қаласының әуежайын дамыту бағдарламасы таныстырылды. 2023 жылдың 3 айында әуе айлағы 28 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бүгінгі таңда ішкі авиарейстер 5 бағыт бойынша орындалса, ал халықаралық авиарейстер Орал–Франкфурт, Орал–Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

«Қайсыбір мемлекетті алып қарасақ, көлік жүйесі экономика мен әлеуметтік саланың дамуы барысында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында көлік жүйесі жылдан жылға кеңейіп, өңірдің дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқаны қуантады.

Орал - Қазақстанның батысындағы көп ғасырлық тарихы бар өлке. Сондықтан тарихи һәм рухани құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа табыстау алдымызда тұрған маңызды міндет», деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ министр 2012 жылы негізі қаланған Орал трансформатор зауытының жұмысымен танысты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның өндіріс көлемі 14,7 млрд теңгені құраған, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе көп. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 250 адам жұмыспен қамтылған. Аталған трансформатор зауыты қосалқы станциялық электр жабдықтарына арналған жеке өндірісінің болуымен әрі электр энергетикалық жобаларды іске асыру бойынша тауарлар мен қызметтердің толық спектрін ұсынуымен ерекшеленеді. Зауытта жасап шығарылатын өнімдердің өзіндік артықшылықтары да бар. Олардың қатарында, тауарлардың әлемдік стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі, трансформаторлардың жоғары сапасы мен қолжетімді және бәсекеге қабілетті бағасын ерекше атап өтуге болады. Компания экспортқа бағытталған электр жабдықтарының кең желісін өндіреді.

Сонымен қатар бұл күні ҚР ИИДМ басшысы Марат Кәрімжанұлы өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жоспарлап отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу де көзделген. 

Екі күндік сапар барысында министр өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды аралап, Подстепное-Федоровка автожолы құрылысының барысымен танысады және көпірді жөндеу жұмыстарының жоспарын егжей-тегжейлі зерделеп шығады деп күтілуде.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.