ҚР ИИДМ басшысы Абай облысының индустриялық даму жоспарымен танысты

ҚР ИИДМ басшысы Абай облысының индустриялық даму жоспарымен танысты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Абай облысына жасаған іссапары кезінде өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс барысы мен Семейдегі әуежайда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарын бағамдап қайтты.

Қасиетті өңір бір кездері бүкіл республикаға әртараптандырылған өнеркәсібімен танымал еді. Енді облыс мәртебесін иеленіп, қайта түлеген аймақ өндірісі жолға қойылған көшбасшылардың қатарына қосылуды көздеп отыр. Мәселен, қазір мұнда бұрынғы кәсіпорындар жаңғырып, сондай-ақ жаңа индустриялық жобалар қолға алынды.     

Статистикаға келсек, былтыр облыста ішкі жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеден асқан. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 450 млрд теңгеге жетіп, бұл 2022 жылдағы көрсеткіштен 13,4%-ға көп. Қазір өңірдегі өңдеу зауыттары мен фабрикаларда 10,4 мың адам жұмыс істеп келеді.

Ұлылар өлкесінде қарқынды дамып келе жатқан өндіріс орындарының бірі «Қазэлектромаш» ЖШС саналады. Электромонтаж қызметтеріне маманданған кәсіпорын 2012 жылдан бастап Қазақстанның электр энергетикасы секторына қажетті сымдар мен кабельдердің өндірісін жолға қойған. Бүгінде компания жылына 15 мың шақырымдай өнім шығарып, 170 маманды жұмыспен қамтып отыр. Шығарылатын өнім түрлерінің ішінде жылжымалы құрамдарға, суасты сорғылау құралдары мен электр желілеріне арналған орташа және жоғары кернеулі кабельдер мен сымдар, сондай-ақ қуатты және бақылау кабельдері бар.

Ведомство басшысы компанияның өндірістік жоспарлары және шығарылатын өнім желісімен танысты.

Бұдан кейін Марат Кәрімжанұлы тері өңдеу кәсібіне байланысты ірі жобаның іске асырылуын бағамдады. Осы ретте бұл жоба банкротқа ұшыраған Семей былғары-тері өңдеу комбинатының базасында қолға алынғанын айта кету керек.

Кезінде ТМД көлемінде белгілі болған кәсіпорынды жаңғыртып, жұмыс орындарын ашу үшін 2020 жылы Қазақстанның инвестициялық қоры стратегиялық инвестор Semey Tannery ЖШС тартқан. Келісімшарт талаптары бойынша комбинатта өзінің дағдыланған қызметі, яғни ірі қара малдың терісін өңдеу мен wet blue тәсіліне сәйкес хромды илеудің жартылай фабрикатты экспортқа бағдарланған өндірісі іске қосылды. Қазір мұнда 80-нен астам адам еңбек етіп жатыр. Олардың дені зауытта бұрыннан бері қызмет етіп келе жатқан техникалық мамандар. Алдағы уақытта штаттың санын 180 адамға дейін ұлғайту жоспарлануда. Шикізатты өңдеу бойынша кәсіпорынның өндірістік қуаты 6 мың тонна немесе 350 мың тері. Ал wet blue-ге сәйкес жартылай фабрикатты өнім шығару мүмкіндігі жылына 1,7 млн шаршы метрге жетеді.

Сондай-ақ министр «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болып, кәсіпорынды дамыту мен қаржылық сауықтыруға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде біліп қайтты. Тартылған инвестор Oljakol ЖШС-қысқа мерзімде шығарылатын өнім желісін кеңейтіп, жалақы бойынша берешекті өтеуді жоспарлап отыр. Қазір «Қамқор Вагон» ЖШС-мен 210 млн теңгеге люк қақпақтарымен қамтамасыз етуге байланысты келісімшартқа қол қойылыпты. Бұл бағыттағы жұмыс «Қазмырыш» АҚ және «Трансремвагон» ЖШС-мен де жүзеге асырылып жатқаны мәлім болды.

Бұдан бөлек М.Қарабаев Семейдегі халықаралық әуежайды жаңғырту жөніндегі жоспармен танысып, Қарағайлы шағын ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан нысандарды тексеріп шықты.

Қаланың бас жоспарына сәйкес 293 гектарды алып жатқан бұл аудан 35,6 мың адамға арналып шақталған. Мұнда екікезеңдік мерзім бойынша 277 көпқабатты тұрғын үйді, 6 мектеп, 6 балабақша, қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі мен жабық теннис кортын салу көзделген.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.