Елордада жыл басынан бері 20 ЖКО тіркеліп, балалар жарақат алды
Астана қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігі және балалардың жол-көлік жарақаты мәселелеріне ерекше назар аударады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау - бұл жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісіне қатысушылардың мінез-құлқын реттейтін заңнаманы, құқықтық нормаларды түсіндіру мәселелеріне қатысты білімді тарату жөніндегі мақсатты қызмет.
Ағымдағы жылдың басынан бастап елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 20 бала жарақат алды.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды жол қозғалысы ережелеріне оқытуға ерекше назар аударылады.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты - балаларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру және жолдардағы жағдайды дұрыс бағалау, жауапкершілік пен тәртіп сезімін ояту.
Осыған байланысты, елорда аумағында Астана қаласының 70 жалпы білім беру мекемесінде 10 мыңға жуық баланы қамти отырып, білім беру ұйымдарында Полиция департаменті бөлімшелері басшыларының қатысуымен балалар жарақатының деңгейін төмендету және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша бейнеролик көрсетіліп дәрістер өткізілді. Дәріс аяқталғаннан кейін полицейлер балалардың жолдан қауіпсіз өту ережелеріне арналған буклеттер мен жадынамалар таратты.
[xfvalue_img]