Ақтөбеде құм өндіру жөніндегі жобадан негізсіз бас тартылған
Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер құм өндіру жөніндегі жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын келісуден бас тартқан облыстық табиғи ресурстар Басқармасына шағымданып жүгінді.
Бас тартудың себебі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген елді мекендердің шекарасынан 1000 метр шегінде қазба өндіруге тыйым салу болған. Дегенмен құжаттарды келісуге жіберу кезінде бұл шектеу болмаған және жоба қойылатын талаптарға сәйкес келген. Осылайша, мемлекеттік орган заңның кері күші туралы нормаларды ескермей бас тартқан.
Осыған орай, Департамент экология департаментінің, табиғи ресурстар басқармасының және сараптама ұйымының өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Нәтижесінде кәсіпкер жоба сараптамасының келісімі мен оң қорытындысын алды.
[xfvalue_img]