«Қостанайда көліктік бақылау инспекциясы бизнеске заңсыз тексерулер жүргізген»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне бизнес субъектілерінің жергілікті көліктік бақылау инспекциясының әрекеттеріне қатысты ұжымдық шағым түсірілген.
Мәселені қарау шеңберінде Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, қорытындысы бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталған.
Соның ішінде Көліктік бақылау инспекциясы белгіленген тәртіпті бұза отырып, қызметінде алдын ала профилактикалық бақылау жүргізбестен 8 шағын және орта бизнес субъектілеріне тексерулер жоспарлаған, атап айтқанда субъектілерге бармай-ақ тексерулер жоспарланғаны анықталды.
Мониторинг нәтижесі бойынша бойынша Департамент ұсынымдар енгізіп, қорытындысында көліктік бақылау инспекциясы бизнес субъектілерін тексеру кестесінен алып тастады.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
15 пікір