БҚДА ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

БҚДА ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Департамент) Департаментінің басшысы Т. Жаңабаева Қарағанды облысындағы ЖЖМ, СМГ (сұйытылған мұнай газы), көмір, такси қызметі, ӘМАТ, ҚТҚ және т.б. нарықтардағы монополияға қарсы ден қою шаралары туралы айтып берді.

             Өңірлік коммуникациялар қызметінде Таңшолпан Жанабаева Департамент 2022 жылы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 34 талдау жүргізгенін айтты. ЖЖМ, СМГ, көмір, такси қызметтері, ӘМАТ нарықтары, оның ішінде сүт өнімдерін (сүт) көтерме сату нарығы және тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығында есепке алу аспаптарына қызмет көрсету, сауда үй-жайларын жалға беру және т.б. зерттелді.

             ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтарды) жинау, әкету, сұрыптау және көму саласында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері, атап айтқанда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды іске асыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соқтырған немесе әкеп соғуы мүмкін актілер не шешімдер қабылдауда көрініс тапқан бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) анықталды.

             Осыған байланысты, қалалық және аудандық әкімдіктердің атына іс-әрекетте (әрекетсіздікте) ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы 12 хабарлама шығарылды, ол бүгінгі күні орындалды.

             Сонымен қатар, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін талдау аясында, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атына еншілес ұйымы «Арка» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ-мын бәсекелестік ортаға беру қажеттілігі туралы нұсқама шығарылғандығын атап өтті.

             «Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04.11.2022 жылғы шешімімен Департаменттің талап-арыз талаптары толық көлемде қанағаттандырылды және ӘКК «Арка» БИК АҚ-мын бәсекелестік ортаға беру жолымен Департаменттің нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы шешім шығарылды.

             Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында апелляциялық сатыдағы сотта осы мәселе қаралды, оның қорытындысы бойынша «Арка» БИК АҚ-мын бәсекелестік ортаға беру туралы қаулы шығарылды»,- деп толықтырды Таңшолпан Жанабаева.

             Мәселен, ағымдағы жылы Департаментпен ӘМАТ саласындағы 8 компаниямен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілеріне қол қойылды - «Анилада» ЖШС, «Центртрейд» ЖШС, «DOM company» ЖШС, «Карагандинская хлебная компания» ЖШС, «ЮМА-запад» ЖШС, «ЮМА-юг» ЖШС, «Оптимальный» ЖШС,  «Пищеторг» ЖШС.

             Осының арқасында азық-түліктің сауда үстемесін 15-тен 10% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

             Сондай-ақ, Департаментпен «Жуантобестрой» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары қызметін жүзеге асыратын компаниямен сыртқы комплаенс актілеріне қол қойылды.

             «Комплаенске қол қою арқылы компаниялар тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікке деген ұмтылысты растайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Баға реттеушісі болып табылмайтынын атап өту қажет. Монополияға қарсы орган ӘМАТ бағасын реттемейді және белгілемейді, өйткені бұл органның құзыретіне кірмейді. Біздің міндетіміз - табиғи монополия субъектілері ұсынған нарықтардан басқа, нарықта доминанттар мен монополистер болып табылатын субъектілер тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда әрекет ету», - деп атап өтті Департамент басшысы Таншолпан Жанабаева.

             Ағымдағы жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде 3 хабарлама шығарылды: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің аппараты ММ мекенжайына тұтынушылардың бір ұйымнан екіншісіне ауысу фактісі бойынша «ҚЭО» ЖШС өтініші негізінде; «Теректы-Энерго» ЖШС-нің «ҚӨЭК» ЖШС мекенжайына шектеу бөлігінде өтініші бойынша электрмен жабдықтау нарығында; «Alina Group» ЖШС-нің «СТРОЙБЕРИ» ЖШС-нің тауарларды дараландыру құралдарын заңсыз пайдалануға қатысты әрекеттеріне өтініші бойынша.

             Бүгінгі таңда барлық 3 хабарлама орындалды.

             Қазіргі уақытта Департамент тауық жұмыртқасының көтерме сатушыларына қатысты - «Агрофирма Курма» ЖШС, «Ushtobe Qus» ЖШС, «Қарағанды-құс» ЖШС ҚР Кәсіпкерлік Кодексі бойынша тауық жұмыртқасының бағасын белгілеу (қолдау) жолымен бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар жасау бөлігінде 3 тергеп-тексеру жүргізуде.

             «Бұл жерде тергеп-тексеруді тағайындау туралы барлық үш бұйрықты Департамент 2021 жылдың қараша айында шығарғанын, осы уақыт ішінде сот процестері жүріп жатқанын атап өткен жөн, өйткені бұйрықтарға жоғарыда аталған нарық субъектілері шағымданған. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тергеу жүргізу туралы бұйрықтар шығарудың заңдылығы мен негізділігін белгіледі. Осылайша, Департамент нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс - әрекеттер жасау фактісі бойынша бұрын тағайындалған тергеп-тексеруді қайта бастады», - деп атап өтті Таншолпан Жанабаева.

             Өткен жылы Департамент «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ-ға қатысты 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиаотынның монополиялық жоғары баға белгіленуі туралы тергеуді аяқтады, онда тергеу нәтижелері бойынша қорытынды 2021 жылы бекітілді, ал сот шешімі 2022 жылдың қыркүйегінде шықты.

             Осылайша, 2022 жылғы 02 қыркүйекте Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ 31 104 912 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл және 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық кіріс түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

             Осы айыппұл санкциялары 2022 жылы әуежаймен 80 млн теңгеден астам көлемде толығымен өтелді.

             «Бұдан басқа, 2022 жылы 2 тергеп-тексеру, олар «ГАЗOIL» Газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-не қатысты СМГ (сұйытылған мұнай газы) бөлшек саудада сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, қолдау бөлігінде және «Коммуналдық қызметтердің бірыңғай есеп айырысу орталығы» қатысты белгілеу, қолдау бөлігінде билингтік қызметтерге монополиялық жоғары (төмен) немесе монополиялық төмен бағалар бойынша бұзушылықпен аяқталды. Бүгінгі таңда олар бойынша сот процестері жүріп жатыр.»,.- деп қосты Таншолпан Жанабаева

             2022 жылы Департамент «ІТ PERFECT» ЖШС-нің мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде бәсекелестікті бұзу туралы шағымын қарау шеңберінде облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдерінің атына ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады.

             Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу мәніне квазимемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу Департаменттің функцияларының бірі болып табылады. Мәселен, 2022 жылы мониторинг шеңберінде 29 нұсқама енгізілді - 1 Балқаш қаласы әкімдігінің атына, 28 Денсаулық сақтау басқармасының атына. Бүгінгі күні барлық 29 нұсқама бойынша мемлекеттік органдарды монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыздар қаралуда.

             Ағымдағы жылы Департамент Қарағанды облысы колледждерінің қызметіне мониторинг жүргізді, оның қорытындысы бойынша Қарағанды облысының «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына 3 нұсқама және білім басқармасына 2 нұсқама енгізілді. Бүгінгі күні 3 нұсқама орындалды, басқалары бойынша-орындау мерзімі келген жоқ.

             «Ағымдағы жылы Қарағанды облысы бойынша департаментімен 20-дан астам тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерделеу жоспарланған. Бұл біздің облысымызда қандай да бір нарықтардың қаншалықты дамығанын, нақты тауар нарықтарында қандай кедергілер бар екенін және нарық доминанттары тарапынан нарықтық билікті теріс пайдалану болғанын түсінуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Таншолпан Жанабаева.

             Өткен жылы Кедергілер жөніндегі кеңес аясында 13 отырыс ұйымдастырылды. Оның барысында 15 мәселе қаралды, оның ішінде 4 тосқауыл Республикалық тосқауылдар картасына енгізілді, 2 мәселе бойынша қолданыстағы НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілді, ал басқа жүйелі сипаттағы мәселелер Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің орталық аппаратына жіберілді және 1 мәселе өңірлік деңгейде шешілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.