Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 107 кәсіпкердің құқығын қорғады
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов Департамент қызметі туралы және бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы брифинг өткізді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді қорғау жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезіндегі кедергілерді еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
"Жоба аясында біз кәсіпкерлер жерді ресімдеу, рұқсат алу, коммуникацияларға қосылу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде кездесетін нақты бизнес мәселелерін шешумен айналысамыз. Бүгінгі күні кәсіпкерлердің өтініштері бойынша 107 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Бизнес өкілдерінің өтініштері мен ұсыныстары менің Facebook парақшам арқылы қабылданады, сондай-ақ кәсіпкерлер Департаментке, Агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіне алады", - деп атап өтті Денис Шакенов.
Мысалы, Алтай ауданындағы жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзарту туралы шаруа қожалықтарының өтініштері негізсіз жер комиссияларының қарауына жіберілген, ал олар автоматты түрде ұзартылуға тиіс. Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға қол жеткізді және 3 шаруа қожалығының жер учаскелерін пайдалану құқығы жер комиссиясының қарауынсыз 10 жылға ұзартылды. Осы факті бойынша Агенттік бастамасы бойынша Жер ресурстарын басқару комитетінің түсіндіру хаты бүкіл ел бойынша жолданды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бірі Қазақстан аумағы арқылы жүк транзитіне рұқсат алу проблемасына тап болды, бұл Қытайдан келген жүк көлігінің кешігуіне әкелді. 1424 агенттігінің Колл-орталығына жүгіну және көліктік бақылау комитетінің арнайы комиссиясының шешімін қайта қарау арқасында кәсіпкер қажетті құжатты алды, бұл автокөліктің өз жолын кедергісіз жалғастыруына мүмкіндік берді.
[xfvalue_img]