СҚО полицейлері бір апта ішінде 18 атыс қаруын тәркіледі
Тіркелмеген "ТОЗ-16" мылтығы мен оған 29 патрон, гильзалар, патронташ пен қақшықты полицейлер 56 жастағы Петропавл тұрғынынан жеке үйден алып шықты. Қала тұрғынының айтуынша, бұл заттардың бәрі оған әкесінен мұра болып қалған. Дәл осындай оқиғаны "ИЖ-17" мылтығы тәркіленген Тимирязев ауданының тұрғыны да тәртіп сақшыларына айтып берді. Полицейлер еске салады: туыстарынан қалған қаруды міндетті түрде жаңа иесі тіркеуі немесе комиссиялық сатуға беруі керек. Шешім қабылданғанға дейін оны полицияға сақтау үшін тапсыру керек.
Қаруды тапқан жағдайда да дереу полицияға хабарлау керек. Бұл туралы Ақжар ауданының тұрғыны ойлаған жоқ, оның сарайында полиция қызметкерлері "ИЖ-18" мылтығын тауып алды. Ер адамның айтуынша, өткен күзде ол Кіші-Қараой көлінің жанындағы қамыстан қару тапқан. Гаражынан "ИЖ-17" мылтығы тәркіленген Мамлют ауданының тұрғыны орманнан қару тапқандығын айтты.
"Бұл фактілердің барлығы облыста 5 сәуірден бастап өткен "Қару " жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде анықталды", - деп хабарлады СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. - Мақсат-халықтың қолында қылмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін тіркелмеген қарудың болуын болдырмау. Барлығы 7 күн ішінде облыс тұрғындарынан 18 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, оның ішінде екі шолақ мылтық мен тапанша тәркіленді. Барлық фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданатын болады".
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]