Мыс саласындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойылды

ҚР ИИДМ-де мыс саласындағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үшжақты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Келісім ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «KAZ Minerals Management» ЖШС, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының арасында жасалды.

Жиын барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында отандық қайта өңдеу өндірістерін шикізатпен толыққанды қамтамасыз ету мәселесі көтерілгенін атап өтті.

«Осы келісімнің негізгі мақсаты тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту және дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау, теңдік, ашықтық, парасаттылық және өзара сыйластық қағидаттары негізінде қазақстандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады», - деді Ілияс Оспанов.

Келісімге сәйкес «KAZ Minerals Management» ЖШС өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын («Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Қазэлектромаш» ЖШС және «Түсті металдарды өңдеу зауыты» АҚ) шикізатпен толық көлемде қамтамасыз етеді. Осылайша, кәсіпорындарға катодты мысты бәсекеге қабілетті бағамен сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Өз кезегінде өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары жоғары деңгейде қайта өңделген өнім шығаруды қамтамасыз етуі, өндіріс көлемін ұлғайтуы, сондай-ақ алынатын шикізаттың барлық көлемін қайта өңдеуі тиіс.

Бұл шара өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға мүмкіндік береді. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.