Жамбыл облысының полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізуде
Ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап Жамбыл облысы аумағында жол апаттарының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Мақсаты - жол қозғалысы ережелерін қамтамасыз ету, жылдамдықты асырудың, мас күйінде автокөлікті басқарудың және жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шығудың алдын алу. Сондай-ақ, қала сыртындағы жолдарында жүк көліктері мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерге ерекше назар аударылады.
Іс-шараның алғашқы күні облыс аумағында 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Мас күйінде көлік басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, белгіленген жүру жылдамдығынан асырған 124 құқықбұзушы, маневр жасау ережелерін бұзған 55 адам анықталды. Сондай-ақ, 92 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған, ал 8 жүргізуші жолдарда авариялық жағдай туғызған.
Сонымен қатар, көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған 67 жүргізуші анықталып, 174 жаяу жүргіншілер жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, Талас ауданының полиция қызметкерлерімен жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін 28 жастағы көлік жүргізушісі анықталды.
- Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылатын болады.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды - деді ведомство өкілдері.
Бір тәулік ішінде айып тұрақтарына айдауға тыйым салынған 50 көлік қойылды. Бұл профилактикалық іс-шаралар 2023 жылғы 24 ақпанға дейін жалғасады.
[xfvalue_img]