Жаңа Қала құрылысы кодексінің жобасы «Атамекен» ҰКП-да өткізілетін дөңгелек үстелде талқыланады

Жаңа Қала құрылысы кодексінің жобасы «Атамекен» ҰКП-да өткізілетін дөңгелек үстелде талқыланады

Аталған іс-шара биыл ақпан айының екінші онкүндігінде елордада өтуі тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі жаңа Қала құрылыс кодексін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жалғастырып келеді.

Былтыр қыркүйекте министрліктің бастамасымен құрамы құрылысшылар мен сәулетшілердің кәсіби бірлестіктерінен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» және «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылған болатын.

Осы орайда жұмыс тобы Қала құрылысы кодексінің жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеп, бекіткенін айта кету керек. Қазір оның құрылымдық жоспары жасалып жатыр, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ұлттық әрі халықаралық заңнамаға салыстырмалы-құқықтық талдау мен оның тиімділігіне құқықтық, талдамалық мониторинг жүргізілді.

Бұған қоса сарапшылар аталған кодекс пен ілеспе заңға реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобаларын әзірлеп, оларға ҚР Әділет, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрліктердің тарапынан оң қорытынды берілді (тұжырымдамаларды талқылаудан өткізу үшін НҚА-дің ашық деректер порталында орналастырылып, талқылау нәтижелері 2023 жылдың 9 қаңтардағы есебінде жинақталды).

Бұдан бөлек осы жылдың 25-26 қаңтар күндері ҚР Құрылыс саласының қауымдастығы және Қазақстанның қала құрылысшылары мен құрылысшылар одақтарының мүшелерімен кездесу өтсе, ақпанның бірінші онкүндігінде ЖОО мен арнаулы орта оқу орны өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Сол секілді «Индустриялық үй құрылысы» ғылыми-практикалық конференциясы және «Қазақстандық ұлттық кәсіби инженерлер мен кеңесшілер қауымдастығы» ЗТБ қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, оның барысында құрылыста FIDIC шарттарын қолданудың озық тәжірибесі қарастырылды.

Ал ақпанның екінші жартысында «Атамекен» ҰКП-да дөңгелек үстел ұйымдастырылады деп жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша Қала құрылысы кодексі мен ілеспе заң жобасының бірінші жобасы қалыптасуы тиіс.

Тұтастай алғанда, жаңа Қала құрылысы кодексінің жобасын қолданыстағы заңға сәйкес белгіленген тәртіппен барлық мүдделі тараптың келісімімен талқылаудың бүкіл кезеңінен өткізу қажет.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.