СҚО полицейлері бір күнде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 14 шетелдікті анықтады
СҚО полицейлері «Шетелдік» акциясының бірінші күнінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған басқа мемлекеттердің 14 азаматын анықтады. Барлық жағдайлар ел аумағында болу мерзімін бұзумен байланысты. Уақыт аяқталғаннан кейін еліміздің қонақтары оның аумағынан шығуы немесе мерзімдерін ұзарту туралы алдын-ала жүгінуі тиіс. Сондай-ақ шетелдіктерді паналатып, құзырлы органдарға хабарламаған облыстың 20 тұрғыны жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары қабылдаушы тараптың көші-қон қызметін шетелдіктердің келгені туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс екенін еске салады.
Сонымен қатар СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, акцияның мақсаты тек жауапкершілікке тарту ғана емес. Көші-қон полицейлерінің міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қандай да бір себептермен қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтау және оларға құқықтық мәртебесін реттеуге көмектесу. Акция шеңберінде жүргізілетін полицейлердің үй-үйді аралауы барысында шетелдіктерге заңнамадағы өзгерістер түсіндіріледі. 27 қаңтардан бастап олардың Қазақстан Республикасында болуы 90 күннен аспауы керек, келесі 90 күндік кезеңді олар шетелде өткізуі қажет.
«Ашықтық пен қолжетімділік — бұл көші-қон қызметі жұмысындағы негізгі басымдықтар, - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Қызметкерлер халық көп жиналатын орындарда өткізілетін «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне», әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерге, Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингтерге қатысады. Көші-қон қызметі басқармасының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көші-қон мәселелері бойынша кеңес алуға болатын қызметкерлердің телефондары орналастырылған. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы 8 (7152) 34-00-50 телефоны арқылы хабарласуға болады. Біз көші-қон заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кез келген форматта көмектесуге дайынбыз».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]