Рәсімдеуге көмектеседі: фермерлер субсидиялауға өтінімді gosagro.kz әзірлеушілермен бірге бере алады

Рәсімдеуге көмектеседі: фермерлер субсидиялауға өтінімді gosagro.kz әзірлеушілермен бірге бере алады

Қазақстанда «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» толық көлемде іске қосылды. Барлық техникалық нюанстар сәйкес келтірілген және портал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдауға дайын.

 СБМАЖ субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде фермерлер үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алу gosagro.kz веб-порталында жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

СБМАЖ арқасында фермерлердің субсидияларды алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамалар ұсыну қажеттілігі жойылады. Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген. Инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.

 Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет фермердің тарапынан қосымша әркетсіз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінетін болады.

Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан пайдаланушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін бар күшін салып жатыр. Барлық туындаған қателер мен ұсыныстар қысқа мерзімде пысықталып отырады.

Барлық сұрақтар бойынша +7(7172)67-71-17 телефон нөміріндегі байланыс орталығына немесе gosagro@minagri.gov.kz электрондық поштасы мен  https://t.me/gosagrokz каналы арқылы хабарласуға болады.

Жүйе жаңа болғандықтан, күн сайын екі сағат субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша онлайн-демонстрациялар өткізіледі. Мұнда әрбір көрсетілетін қызметті алушы әзірлеушілермен бірге онлайн режимде өтінім бере алады. Портал аталған форматта ақпан айы бойы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленді. Негізгі өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап ашылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.