Елордалық полицейлер "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ қоғамдық көлікте апаттың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 16-20 қаңтары аралығында Астана қаласының аумағында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
ЖАШ кезінде такси - автомобильдерінің, оның ішінде "Яндекс", "Индрайвер" мобильдік қосымшаларын пайдаланатын автомобильдердің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің көлік басқару кезінде ұялы телефон қолдануына, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстау құрылғыларын пайдалануына, сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық және техникалық тексерулерден өтуіне, сыртқы жарнаманы қолдануды бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды.
ЖАШ қорытындысы бойынша жолаушы тасымалдаушылар жол берген ЖҚЕ 900-ге жуық бұзушылық анықталды, сондай-ақ КҚ пайдалану қағидаларын бұзудың 170-тен астам фактісі, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланудың 70-ке жуық фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзудың 90-нан астам фактісі және т. б. ЖҚЕ бұзушылықтар анықталды.
Бұдан басқа, тәртіп сақшылары маршруттық автобустарды автопарктерден шығару кезінде олардың техникалық жай-күйінің пайдалануға рұқсат беру және заңсыз қайта жабдықтау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру, техникалық байқаудан өту, сондай-ақ жүргізушілерде тіркеу құжаттарын (жол парақтары, КҚТК, техникалық байқаудың болуы) тексеру жүргізді.
Нәтижесінде көлік құралдарын пайдалану үшін шығаруға және олардың техникалық жай-күйіне жауапты елордалық автобус парктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, таксомоторлық кәсіпорындардың 8 лауазымды тұлғасы міндетті рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтпеген такси-автомобильдерін шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 8-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер балаларды қауіпсіз тасымалдау шарттарын сақтау мақсатында мектеп автобустарын, оларды автопарктен шығару кезінде олардың техникалық жай-күйінің сәйкестігін, сондай-ақ автобустарда өрт сөндіру мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының бар-жоғын тексерді.
Сонымен қатар, жүргізуші құраммен балаларды тасымалдау ерекшеліктері, ЖҚЕ қатаң мүлтіксіз сақталуы және автобус салонында кішкентай жолаушыларды отырғызу, түсіру және орналастыру тәртібі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Барлық жүргізуші құрам соттылығының жоқтығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің барлық арнайы есептері бойынша тексерілді.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]