Ауыл тұрғындары үшін - профилактикалық тексерулер

Ауыл тұрғындары үшін - профилактикалық тексерулер

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел халқын профилактикалық тексеру қызметтерін кеңейту туралы бұйрықты бекіткені баршамызға мәлім.  
Бұл бағыттағы жұмыстар ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту мақсатында және нысаналы топтарды кеңейтуге қатысты. Бұл бағыт қалалық және ауылдық тұрғындар арасындағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі бөлігіндегі бар теңгерімсіздікті кезең-кезеңімен теңестіруге, сақтандырылмаған халықты медициналық көмекпен көбірек қамтуды қамтамасыз етуге, тұтастай алғанда, ауыл тұрғындары арасында аурулардың алдын-алуға бейілділік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. 
Мәселен, ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізу үшін жаңа нысаналы топты айқындау есебінен халықты қамтуды 18 жастан 29 жасқа дейін ұлғайту көзделген. Айта кету керек, бұған дейін 30 жастан 70 жасқа дейінгі адамдар скринингтік зерттеулермен қамтылмаған. Жас адамдарға жүргізілген зерттеулер жүрек-қан тамырлары жүйесінің, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының, онкологиялық аурулардың (қуық асты безінің) ауруларын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. 
Жамбыл облысында профилактикалық тексерулер 1 қарашада басталды. ҚР ДСМ 2022 жылғы 5 шілдедегі №65 жаңа бұйрығына сәйкес, облыс бойынша 88 864 адамға, оның ішінде нысаналы топтар бойынша ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізу жоспарланған. Яғни: 
18-29 жас – 31 564;
30-44 жас - 29 208;
45-65 жас - 23 745;
66-70 жас – 4 347.
Ауыл тұрғындарына асқазан-ішек жолдарының, зәр шығару жүйесінің, егде жастағы топтағы туберкулездің және простата обырының ауруларын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді.
2022 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша жоспарланған 88 864 адамның 100% - ы тексерумен қамтылды, 2 576 адамда сырқаттанушылық анықталды, бұл 2,9% -. құрады. 
Профилактикалық тексерудің I кезеңіне республикалық бюджеттен 310 479,3 мың теңге, сондай-ақ, 
II кезеңіне-783 697,0 мың теңге қарастырылған.  
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив