Түзеу мекемесінің психологтары бас қосты

Түзеу мекемесінің психологтары бас қосты

Түзеу мекемесіне жаңадан келген сотталғандармен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі,бостандықтағы өмірге деген дайындық басталады. Мұнда психологтың рөлі аса маңызды. Қоғамнан алшақтау дегенің өз жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Сондықтан психологтардың көмегенсіз сотталғандарды тәрбиелеу мүмкін емес.

Осы орайда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37,№60,№68 мекемесінің психолог мамандары бірлесе тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осы мекеме психологтары бірлесе отырып «Балинт тобын» құрған болатын.

«Балинт тобы» - бұл медицина, психология, педагогика және әлеуметтік саладағы мамандарға эмоционалды шиеленісті, кәсіби стрессті азайтуға және эмоционалды күйзелісті болдырмауға көмектесетін тиімді технология болып табылады.

Ай сайын жоспар бойынша психологтар жиналып, өз тәжірбиелерімен бөлісіп, жұмыс барысында атқарылып жатқан шараларды ортаға салады. Бүгінгі психолог мамандарының кездесуі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында  өтті. Кездесу барысында сотталғандармен жұмыс жасау қиындаған кезде орын алып жатқан қиын жағдайларды еркін түрде ортаға ұсынып, талқылап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

-Біз психолог мамандары жазасын өтеушілермен тікелей мекемеге келген күннен бастап жұмыс жасаймыз. Оларға  әр қараңғы түннен кейін жарық күн, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік бар екендігін түсіндіріп, қиналған жазасын өтеушілердің жан дүниесін түсініп, олардың көзқарастарын өзгертіп, келешекке сенімділікпен қарауға, мақсат коя білуге отбасына тезірек оралуы үшін тәрбиелік жұмыстар жасаймыз. Ертең-ақ қоғамға, еліне пайдасы тиетін, өзгелерге үлгі болатын тұлғаға айналуларына мүмкіндіктері зор екенін ұғындырамыз»,- дейді №37 мекемесінің психологы Ақгүл Аманова.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.