2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы туралы
Мұздыбеков Руслан Орынбекұлы,
Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
Құрметті облыс тұрғындары!
Ағымдағы жылыту маусымының қалыпты жұмысын үйлестіру мақсатында облыстық штаб құрылып, жұмыс кестесіне сәйкес ай сайын штаб отырысы өткізілуде.
Облыста 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорындары және 565 әлеуметтік нысандардың автономды қазандықтары бар.
«Таразэнергоорталық» АҚ, «ЖГРЭС» АҚ, «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, «София» ЖШС, «Игілік» КМК, «Жаңатас Су-Жылу» КМК, «Шу-Жылу» КМК, «Құлан Энерго-Жылу» КМК,
Жалпы, аталған жылу көздерімен 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандарын жылумен қамтамасыз етілуде.
ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес облыста жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды (ҚНжЕ 2.04-21-2004 «Климатологиялық құрылысы»). Бүгінгі күнге жылыту маусымының 51 тәулігі өтті.
Бұл аралықта жылу энергетика кешендерімен жалпы 181 мың Гигакалорий жылу энергиясы өндірілді.
Облыстағы жылу энергия көздері жоспарға сәйкес қажетті резервтік отын қорымен қамтамасыз етілді. Резервтік көмір қоры 1,4 мың тоннаны құраса, нормативтік мазут қоры 11,9 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, отын-энергетика кешендерін әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету үшін облысқа 25,5 мың тонна мазут бөлінді, оның ішінде: «Жаңатас-Су-Жылу» МКК - 13 430 тн, «Т.И. Батуров ат. ЖГРЭС» АҚ - 10 000 тн, «Таразэнергоорталық» АҚ - 1 500 тн, «Жамбыл-Жылу» МКК - 600 тн.
Кестеге сәйкес Жаңатас қаласына ай сайын жоспарланған 2 000 тонна мазут отыны тұрақты тасымалдануда. Бүгінгі күнге 7 869 тонна мазут жеткізілді. Алдағы уақытта қалған 5 561 тонна мазут кестеге сәйкес 2023 жылдың ақпан айына дейін тасымалданатын болады.
Қазіргі таңда қазандықта 76 тәулікке жеткілікті 4 610 тонна мазут бар, тәуліктік тұтыну көлемі - 58/60 тонна.
Қаратау, Шу және Жаңатас қалаларының орталық қазандықтарын 20,8 млн. м3 табиғи газбен және 13,4 мың тонна мазутпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен жалпы 2,2 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:
1) Шу қаласына 5,5 млн. м3 газға - 165,4 млн. теңге;
2) Қаратау қаласына 15,3 млн. м3 газға - 464,8 млн. теңге;
3) Жаңатас қаласына 13,4 мың тн мазутқа - 1 666,4 млн. теңге.
Жалпы, облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауға алынған. Барлық отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидаларына сәйкес жылу жүйесіне берілетін жылу температурасы 12-24 сағат уақыт аралығында сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша анықталады.
Барлық отын-энергетика кешенлеріндегі температуралық кестенің сақталуы тұрақты бақылауда.
ҚР ҚНжЕ сәйкес тұрғын үй-жайдың бөлмесіндегі ауаның есептік температурасы +20ºС, кіреберістер мен дәліздерде +16ºС құрауы қажет.
Сенім телефондары арқылы және әлеуметтік желілерге келіп түскен тұрғындардың арыз-шағымдарына тұрақты мониторинг жүргізіліп, кері байланыс орнатылған. Өтінімдерге сәйкес уәкілетті органдармен құрылған жұмыс тобымен жергілікті орынға шығып, жылу жүйелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Шағымдардың басым көпшілігі тұрғындар тарапынан өз кезегінде үй ішіндегі тік құбырларды тазаламау, құбырлардан ауа шығармау себептерінен орын алуда. Дегенмен, жылу беруші ұйымдардың тарапынан көмек ретінде бұл ақауларды жоюға көмек көрсетіліп келеді.
Сондай-ақ, жылу беруші ұйымдардың диспетчерлік қызметтері тәулік бойы қызмет атқаруда («Таразтрансэнерго» МКК т. 34-37-28, «Таразэнергоорталық» АҚ т. 43-04-91, «Жамбыл-Жылу» МКК т. 34-40-56).
Тұрғындар осы диспетчерлік орталықтарға немесе 109-қызметіне тікелей хабарласып, өтінім берулеріне болады.
Облысқа жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі 221,1 мың тонна құрайды, оның ішінде:
- бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған 60,8 мың тонна көмір толық қамтамасыз етілді.
- тұрғындар үшін күзгі-қысқы маусымдағы жоспарлы көмір отынын тұтыну көлемі 160,3 мың тонна құрайды. Бұл көмір отынын 2023 жылдың сәуір айына дейін жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі күнге тұрғындар 145,5 мың тонна көмірмен қамтылды немесе 91%.
Облыста көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, оның 25-і өңірлік операторлар болып табылады. Жалпы 35 теміржол тұйықтары орналасқан.
Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің орта бағасы сортына (фракциясы) қарай тоннасына 14 - 17 мың теңгені құрап отыр, алшақ елді мекендерді жеткізу құнымен есептегенде көмір бағасына тоннасына 18-21 мың теңгеге дейін барады.
Жамбыл, Байзақ, Талас, Мойынқұм аудандарындағы көмір сатумен айналысатын, теміржол тұйықтары бар нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлер Тараз және Шу қалаларындағы теміржол тұйықтарынан көмір сатып алады.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ң мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 1 мамыр - 30 қараша аралығында облысқа 320,5 мың тонна көмір жеткізілді. Көмір вагондары тұрақты келуде.
Облыс өңірлерінде көмір тапшылығы жоқ. Қазіргі таңда теміржол тұйықтарында 21,4 мың тонна көмір бар.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №514 бұйрығымен республика аумағынан тас көмірді 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынып, құзырлы органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданды.
Осы ретте, құрметті облыс тұрғындары, қыс маусымы кезінде қажетті көмір қорымен толыққанды қамданып алу үшін өз өңірлеріңіздегі теміржол тұйықтарынан көмірді кезексіз сатып алуларыңызға болады.
Жалпы, ағымдағы жылыту маусымының өту барысы Басқармамен тұрақты бақылауға алынған.
Назарларыңызға рахмет!
[xfvalue_img]
10 пікір