А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл
Биыл ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері, біздің жерлесіміз, Қостанай өңірінің тумасы - А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына байланысты елімізде, сондай-ақ әлемнің бірнеше елдерінде атап өтілуде. Осыған орай, елімізде жалпыреспубликалық жоспар жобасы қарастырылған болатын. Аталған жоспардың жобасында 63 тармақ бойынша іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде ғылыми конференциялар, форум түріндегі, онлайн және оффлайн форматындағы жиындар, тағы да көптеген түрлі шаралар бар.
Аталған шаралар шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы бейнеленген пошта маркалары мен Ұлттық банк монеталарын шығарудан бастап, Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген музей-үйлерді қалпына келтіру, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында Ұлт ұстазына арнап ескерткіштер орнату, ғалымның еңбектерін әлемнің танымал тілдерінде басып шығару, халыққа таратуға бағытталған шаралар, республикалық және өңірлік деңгейдегі фестивальдар, конкурстар ұйымдастыру, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қалпына келтіру, музей ашу сияқты бірнеше бағыттағы жұмыстар қамтылған.
Сонымен қатар Түркия, Ресей елдерінде ақынның ескерткіші қойылып, Әзірбайжан астанасында конференция өткізу жоспарланған.
Осыған орай, ұлт ұстазы А. Байтұрсыновты дәріптеу, оның шығармаларын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментімен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«А. Байтұрсынұлының мәдени мұралары» атты бейнероликпен облыстық конкурс өткізіліп, аталған сайыста Департамент 1- орынды иеленіп, марапат алды.
Департамент қызметкерлерімен мектеп оқушылары және студенттер арасында «Парасаттылық сағаты» атты облыстық акциясы өткізілді.
Агенттіктің тапсырмасына сәйкес, «А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
А. Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», - деген. Оның бұл пікірі бүгінгі күн тіршілігіне сай келеді.
Ахмет Байтұрсыновтың есімі, оның ұлтты ағартушылық жолындағы ерен еңбегі ұмытылмайды. Жылдар өткен сайын Ахаңның еңбектері келер ұрпақ санасында қайта жаңғырып, жас буынның жол бастар шамшырағына айналары аян.
О. Нұрғалиева,
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аударма бойынша редакторы.
[xfvalue_img]