Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы сотталғандармен кездесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіндегі сотталғандар арасында діни экстремизм және терроризм және деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі ақпараттық түсіндіру және профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады.
Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқарамасының мемлекеттік тапсырысы аясында, «Асыл мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» академиясының директоры РАТТ мүшесі, теолог Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы мекемеге келіп, сотталған азаматтарды жеке-жеке қабылдап, олардың дінге деген көзқарасы мен діни сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында еркін әңгіме өрбітті.
Профилактикалық іс- шара барысында сотталған азаматтарға «Мұсылманның әдептері» тақырыбында насихат жүргізді. Жазасын өтеуші азаматтар теолог маман тарапынан жүргізілген дәріске қызығушылықпен қатысты және дәріс соңында өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Мекеме теологтары және өзге де мекемеге келуші имамдар мен теологтардың дәрістерін жібермей қатысып келемін. Осының нәтижесінде діни көзқарасым жақсы жағына өзгерді. Бұрын дінді өз деңгейінде дұрыс түсіне алмаған болсам, қазіргі таңда аталған мамандардың еңбектерінің арқасында өз қателіктерімді түсініп дінге, қоғамға деген көзқарасым өзгерді. Дегенмен осындай республикалық деңгейдегі мамандардың да келіп тұрғандары артықтық етпес еді. Бұрын бұл кісілердің уағыз-насихаттарын тыңдамаушы едім, қазір сол қателігімді түсіндім», - дейді сотталғандардың бірі.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]