Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды
Жуырда М. есімді азаматқа сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.
Өзінің айтуынша дүкен алдында тұрған велосипедті ұрлап, мініп кеткен.
Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық жұмыстарымен айналысуда.
Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаковтың айтуынша 8 сотталғанға мәжбүрлі еңбекті тағайындалған, оның алтауы мәжбүрлі еңбегін толық өтеген. Қазіргі таңда 2 сотталған азамат күніне төрт сағаттан өз ауылдарында абаттандыру, тазалық жұмыстарын атқарып жүр. Пробация бақылауындағы азаматтардың қайта қылмысқа бармауы,сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі .
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]