ИИДМ өкілдері мен Сенат депутаттары бірқатар арнайы экономикалық аймақтардың жұмысымен танысты

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов пен Парламент Сенатының депутаттары «Ақтау теңіз порты» мен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарына барды. Іс-сапар барысында әрбір АЭА қызметінің тиімділігі екшеліп, аймақтарды жетілдіру мақсатында заңнамалық актілерге жоспарланған түзетулер мәселелері жан-жақты талқыланды.

Бүгінде «Ақтау теңіз порты» АЭА Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп отыр. Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, бүгінге дейін аймақта жалпы сомасы 120,2 млрд теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылған. Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта 757,775 млрд теңгеге 28 жаңа жоба жүзеге асырылуда. Бұл 4 829 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 Ал «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары кең бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру және дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеумен және іске асырумен айналысады.

 «Қазіргі күнге дейін 4 жоба сәтті жүзеге асырылды. Сонымен қатар 13 жоба іске қосылу сатысында. Аймақта интеграцияланған газ-химия кешенінің, пластмассадан орау бұйымдарын өндіру мен полимерден бұйымдар өндіру зауыттарының және өзге де өндіріс орындарының құрылысы жүргізілуде», – деп атап өтті Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ делегация өкілдері «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болды. Депутаттар іс-сапар қорытындысы бойынша «Арнайы экономикалық аймақтардың нақты жай-күйі және жұмыс істеуінің алдағы перспективалары» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілетінін айтты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.