ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы ғимаратында Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Абдрашит Бауыржан, аудандық пробация қызметінің бастығы Искаков Анарбек, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Байшеев Нұрхан, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ерланқызы Ақерке, жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Өмірзақов Бекзат қатысып, түрлі бағыттарда баяндама жасады. Діни экстремизмнің алдын алу, кәсіпкерлік қолдау, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, қайта қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігі турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында қазіргі уақытта белең алған алаяқтық фактілеріне қарсы тұруға бағытталған кеңестер беріліп, арнайы Жаңақорған аудандық прокуратурасы әзірлеген ескертпе жадынамалар таратылды.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]