«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИССИЯДА «ТОБЫЛ» ӘКК АҚ-ҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ»
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында «ТОБЫЛ» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ қызметіне қатысты мәселені ұсынды.
Олардың мәліметі бойынша талдау қорытындылары ӘКК қызметі оның құрылу мақсаты мен миссиясына сәйкес келмейтінін, қабылданған шешімдер айқын еместігін, бұл жеке кәсіпкерлердің мүдделерін ұстануға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Бұдан бұрын анықталған қантпен айла-тәсіл фактілері куәлік етеді.
Мұндай жағдайлардың негізгі себептері ӘКК тұрақтандыру қоры қоймасынан әлеуметтік маңызды азық-түліктерді жүзеге асыру рәсімінің айқын еместігі болып табылады.
Ақша қаражаттарын мақсатты пайдалануды, сондай-ақ тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын жүзеге асыруын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында комиссиямен тұрғындарға азық-түлік тауарларын жүзеге асыру құнын кәсіпкерлердің келісім шарттық міндеттемелерінде алдын ала қарастыру, осы норманы сақтамаған жағдайда міндеттемелерін сақтамағаны туралы талап қоюды талап ету, сондай-ақ келісім шартты және серіктестікті бұзуға бастамашылық ету ұсынылды.
ӘКК-нің жер уческелерін бөлу бойынша да мәселелер қатары бар. ӘКК заңы бойынша учаскелер инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ғана берілуге тиіс, ал олар Қостанай және Рудный қалаларындағы сауда павильондары үшін берілген.
Антикор өтінішінің негізінде, қазір заңсыз берілген жер учаскелері Жер ресурстарын басқару департаментімен мемлекетке қайтарылуда.
«Айналым кестесі» шеңберінде ӘККмен қарыз ұсыну мәселелерін шешуші комиссия жұмысында да айқындық жоқ. Олардың құрамында салалық ассосациялар өкілдері де, БАҚ да, қоғамдық та жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жұмыс тобының сыртқы талдауының қорытындысы бойынша 8 тәуекел анықталды. Оларды жою үшін облыс Антикорымен 11 ұсыныс шығарылды.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған ұсыныстарды қолдады және тұрақтандыру қоры тауарларының барлық тізімінің жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстауды, «Тобыл» ӘКК қызметін бақылауға алуды және оның жұмысын белгіленген мақсаттар мен миссияға сәйкес келтіруді тапсырды.
Сонымен қатар, бір уақытта Өңір басшысы Сыбалас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша әкімдіктің және ӘКК лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартты, жазаланғандар: ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Б.Б. Мурзин – оған сөгіс жарияланды, Қамысты ауданының әкіміне, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына да сөгіс жарияланды, СПК менеджері және қойма меңгерушісі, және Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылды.
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серікжан Мырзалының айтуынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұдан былай тұрақтандыру қорының қызметіне және азаматтарға дейін толық көлемде жетуі үшін азық-түлік тауарларын жүзеге асыру айқындығына тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады.
СЖҚІА Қостанай облысы Департаменті
[xfvalue_img]