20-аймақ: Ұлытау облысында мемлекеттік нөмірлер беріле бастады
Ұлытау облысының орталығында 20-аймақ белгісі бар мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады. Бұндай қызмет Жезқазған қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация бөлімінің дерегінше, Ұлытау облысында жаңа нөмірлерді тіркеу 23 қыркүйектен бастап жүріп жатыр. Жалпы аймаққа 200-ге жуық жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмір келді.
Қарағанды облысының «09» мемлекеттік нөмірлері өзгерген көлікті тіркеуге дейін жарамды болып қала береді.
[xfvalue_img]
12 пікір